Кремльде Владимир Путиннің ауқымды баяндамасы болатыны жарияланды

Фото: akorda.kz
Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков Ресей президенті Владимир Путиннің алдағы аптада ауқымды сөз сөйлеуі жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол "Россия 1" телеарнасының журналисі Павел Зарубинмен сұхбат барысында айтты.

"Кремльде көптеген жұмыс кездесулері өтеді, халықаралық байланыстар да болады. Сонымен қатар келесі аптада президенттің бір ауқымды баяндамасы жоспарланған. Біз нақты қай күні, қай жерде және қандай тақырыпта болатынын қосымша хабарлаймыз", – деді РФ президентінің баспасөз хатшысы.

Песковтың айтуынша, алдағы апта "қызықты болайын деп тұр".

Бұған дейін Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, кинорежиссер, теле- және радиожүргізуші Тигран Кеосаянның 59 жасында қайтыс болғанын жазған болатынбыз.

Ресей
Путин Владимир

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін