Илон Маск өзінің "Уикипедияға" балама жобасын жариялады

Сурет: flickr
Америкалық кәсіпкер Илон Маск негізін қалаған xAI компаниясы онлайн-энциклопедия — "Уикипедияның" (Wikipedia) балама нұсқасын әзірлеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Livemint басылымының жазуынша, бұл туралы миллиардер X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде айтқан.

Оның сөзінше, "Грокипедия" (Grokipedia) деп аталатын жаңа ресурс қазіргі "Уикипедияда" дәйексөз ретінде қолдануға тыйым салынған дереккөздерге негізделіп контент жасайды және баршаға қолжетімді болады.

Бұл бастама қазіргі энциклопедия моделіне қатысты сыннан кейін туындаған, өйткені онда кейбір медиаресурстарды мақала жазу үшін пайдалануға шектеулер қойылған.

Бұрынғы инвестициялық банкир Джон Лефеврдің айтуынша, Wikipedia тыйым салған дереккөздер қатарына Fox News, Breitbart, Daily Caller, Epoch Times, New York Post және Federalist секілді басылымдар кіреді.

Америкалық инвестор Дэвид Сакс бұл жағдай жасанды интеллект арқылы "Уикипедияны қайта жазуға" мүмкіндік беретін жаңа нарықтық мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Осы пікірлерге жауап ретінде Илон Маск xAI компаниясының мұндай энциклопедия жасау жоспарын растады. Ол бұл жобаның "адамзаттың бүкіл білімі үшін" жасалатынын және нәтижелері ашық түрде жарияланатынын айтты.

Бұған дейін Ұлыбританияда цифрлық жеке куәлік енгізілетіндігін жазған болатынбыз

АҚШ
Маск Илон

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек