Америкалық мұғалім жыландарды марғаулармен тамақтандырып келген

Сурет: pixabay
АҚШ-тың Техас штатында ата-аналар Зоология мұғаліміне шағым түсірді, талапкерлердің пікірінше, мұғалім жануарларға қатыгездікпен қарайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CBS News жазуынша, Уайз округіндегі орта мектеп мұғалімі сыныпқа бірнеше жылан алып келген. Сол күні оқушыларға сабақ алдында жыланды тірі марғаумен тамақтандырғанын айтқан. Кейінірек, ол бұл әрекетке марғау ауырып тұрғандықтан барғанын мәлімдеді.

Мұғалімде осындай үш марғау қалған. Оқушылардың бірі ата-анасының рұқсатымен олардың бірін үйіне алып кеткен. Дегенмен, марғаулардың ешқайсысы тірі қалмапты. 

Белгілі болғандай, мектепке түскен шағымнан кейін мұғалім оқушылардан кешірім сұрап, жыландарды сыныптан алып кеткен.

Бұған дейін Новосібір зоопаркіндегі өрт кезінде жануарлардың тірідей жанып кеткенін жазғанбыз

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді