Вьетнамдағы найзағай мен нөсер жауыннан кейінгі тасқын бірнеше адамның өмірін жалмады

Фото: pixabay
"Матмо" тайфунынан кейін пайда болған күшті дауылдар Вьетнамның солтүстігінде су тасқынын тудырды. Тайфун ел аумағына тікелей соқпағанымен, арты толассыз жаңбырмен жалғасып, өзендер арнасынан асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stuff басылымының мәліметінше, тасқын су көшелер мен үйлерді шайып, жергілікті халыққа үлкен қауіп төндірді. Бұл аймақ қыркүйек айынан бері төрт тайфун мен тропикалық дауылды өткерген.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 4 800-ден астам үйге зақым келген. Каобанг және Тханьхоа провинцияларында көшкін салдарынан үш адам көз жұмды. Тағы төрт адам Тхайнгуенде су тасқынынан қаза тапты. Ал Бакнинь қаласында найзағай жарқылынан бір адам қаза болды.

Вьетнам премьер-министрі Фам Минь Тинь су тасқынынан зардап шеккен солтүстік провинцияларды қолдау мақсатында 140 миллиард донг көлемінде шұғыл көмек пакетін бөлуді мақұлдады.

Бұған дейін Түркияда қылмыс әлемінің атышулы серісі "Тозақ Неджати" тұтқындалғанын жазған болатынбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді