АҚШ-та Қорғаныс министрінің ұшағы апатты сигнал беріп, шұғыл қонуға мәжбүр болды

Сурет: wikipedia/Пит Хегсет
Пентагон басшысы Пит Хегсеттің ұшағы Атлантика мұхитының үстінде төтенше жағдай туралы сигнал беріп, бағытын өзгертіп, Ұлыбританияға шұғыл қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Пентагонның өкілі Шон Парнелл өзінің әлеуметтік желіде парақшасында жазғандай, ұшақтың алдыңғы әйнегіне сызат түскен.

"Брюссельде өткен НАТО елдерінің қорғаныс министрлері кездесуінен АҚШ-қа қайтып келе жатқанда, Хегсеттің әскери министрлік ұшағының алдыңғы әйнегінде жарық пайда болып, әуе кемесі шұғыл түрде Ұлыбританияға қонды",- делінген ақпаратта.

FlightRadar сервисінің мәліметі бойынша, ұшақ Атлантика мұхиты үстінде Ирландия жағалауынан жақын жерде апатты жағдай туралы хабар беріп, бағытын өзгертіп, Ұлыбританияға қарай ұшты. Ол Кембридж маңындағы Милденхолл әуежайына қонды. Бұл ақпаратты Парнелл те растады.

"Ұшақ стандартты процедураға сәйкес қонды, және ұшақтағы барлығы, соның ішінде министр Хегсет те қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды", – деп түйіндеді Парнелл.

Бұған дейін Трамптың Time журналының мұқабасындағы сәтсіз суреті үшін ренішін білдіргенін жазған болатынбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті