Өзбекстанда Қазақстан медицинасының онкүндігі өтті

Фото: akorda.kz
Өзбекстанда өткен Қазақстан медицинасының онкүндігі аяқталды. Ауқымды шараның қорытындысы бойынша, 3 мыңнан аса тұрғын біздің мамандардан дәрігерлік кеңес алды.

Бас аяғы 70-ке жуық науқасқа күрделі бірлескен операциялар жасалды.

Кордиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының, травматология және ортопедия ұлттық орталығының жетекші дәрігерлері Ташкенттегі емханаларда болып өз тәжірибесімен бөлісті, деп жазады qazaqstan.tv.

Әсіресе жүрек қан тамырлары, ішектің қабынуы ауруларын емдеудегі заманауи әдістерді таныстырды. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанның дәрігерлері артроскопия, эндопротездеу, табан хирургиясы, омыртқа патологиясын түзету бойынша бірлескен күрделі операцияларды сәтті жүзеге асырды.

Республикалық орталықтар, ауруханалар барлығы осы күндер шеңберінде келіп Өзбекстанда көмектесіп, үйретіп тәжірибе алмасты. Медицина саласындағы ынтымақтастықты тереңдету шеңберінде жұмыс істеп жүрміз. Рүстем Төлеутаев, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшысы, дәрігер- кардиохирург
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады