Ресейлік балалар кинотеатрда көздерін күйдіріп алды

Сурет: freepik
Хакасияда киносеанстан кейін көздің тор қабығы зақымданған 32 адам, оның ішінде 20-сы кәмелетке толмаған бала, офтальмология бөліміне түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

krsk.aif.ru сайтының мәліметінше, Абакан қаласындағы "Наутилус" кинотеатрының қызметкері сеанс басталар алдында бактерицидтік шамдарды сөндірмей қойған. Соның салдарынан залда отырғандардың бәрі көздің тор қабығына күйік алған.

SHOT басылымына зардап шеккендердің бірі берген сұхбатында, фильм көрсетілімінен бірнеше сағат өткен соң көрермендердің көздері қатты ауырғанын айтқан.

Ересектер мен балаларға дәрігерлердің көмегі қажет болған. Абырой болғанда, медициналық көмек дер кезінде көрсетілген: қазіргі уақытта ешкімнің көру қабілетіне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Грекиядағы жойқын зілзала толқындары Түркияға дейін сезілгенін жазғанбыз.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты