АҚШ-та гуманитарлық жүк тасымалдайтын ұшақ әуеге көтерілген сәтінде құлап түсті

Сурет: Х/ElLitoralSV
Coral Springs қаласында Ямайкаға гуманитарлық көмек жеткізбек болған жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұшақтың апатқа ұшыраған сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Бейнежазбада ұшақтың тұрғын үйге соғыла жаздап, ағаштар мен қоршауды бұзып өткен соң көлге құлағаны, ал сынықтарының жерге шашылып қалғаны көрінеді.

БАҚ мәліметінше, әуе кемесі жетіден тоғыз адамға дейін сыйғыза алады. Mirror басылымына жергілікті өрт сөндіру қызметі ұшақтың әуеге көтерілгеннен бірнеше минут өткен соң құлағанын хабарлаған. Қайтыс болғандар туралы ақпарат жоқ, іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұшақ Бровард округінен ұшып шыққан. Бұл өңірде кариб-америкалық қауымдастық белсенді өмір сүреді. Олар қазан айының соңында "Мелисса" жойқын дауылынан зардап шеккен Ямайка тұрғындарына көмек жинаумен айналысқан.

Бұған дейін АҚШ-та ұшу кезінде жас жігіт ұшақтың есігін ашып жібермек болып, төтенше жағдай тудырғанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз