Трамп: Қазір Ақ үйде Си Цзиньпинді лайықты түрде қарсы алатын орын жоқ

Сурет: whitehouse
Дональд Трамптың айтуынша, қазіргі кезде Ақ үйде Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді немесе кез келген жоғары деңгейдегі қонақты лайықты түрде қабылдау мүмкін емес, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fox News арнасына берген сұхбатында Трамп Ақ үйдің қазіргі жоспарлануы мемлекеттік іс-шаралар өткізуге қолайсыз екенін айтты.

"Егер бізге Қытайдан төраға Си келсе немесе қандай да бір үлкен мемлекеттік шара өтсе, бізде оны өткізуге лайық орын жоқ", – деді саясаткер.

Бұған дейін Вашингтонда Ақ үйдің шығыс қанатының қасбетін бұзу жұмыстары басталған еді. Бұл жерде жаңа салтанатты зал салу жоспарланған. Ал бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон қазіргі АҚШ президентін Ақ үйді бүлдіріп жатыр деп сынға алған.

Трамптың айтуынша, Ақ үйдегі жөндеу жұмыстары салдарынан Мелания Трамптың да жұмыс орны өзгерген. Бұрын бірінші ханымның кеңсесі шығыс қанатында орналасқан болатын, енді ол шағын кабинетке көшкен.

"Ол кішкентай кеңсеге ауысты. Ол өте ақылды әйел, егер қазір сұрасаңыз, бәрі жақсы деп айтады", – деді Трамп.

Бұған дейін АҚШ-та гуманитарлық жүк тасымалдайтын ұшақ әуеге көтерілген сәтінде құлап түскенін жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды