Түркияда болған жанжал салдарынан 1000-нан астам футболшы ойыннан шектетілді

Сурет: Instagram/Galatasaray
Түркия футбол федерациясы (TFF) өздерінің ресми сайтында букмекерлік кеңселерде бәс тіккені үшін күдікке ілінген 1024 футболшының аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Milliyet басылымының мәліметінше, Түркиядағы футболдағы бәс тігу жанжалы одан әрі өршіп, бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Соңғы күндері әртүрлі дивизиондарда ойнайтын 1000-нан астам футболшы бәс тіккені үшін ойыннан шеттетілді. Олардың ішінде 27 ойыншы Түркия Суперлигасының клубтарында өнер көрсетеді.

Дисквалификацияланған футболшылардың қара тізімінде "Галатасарай", "Бешикташ", "Трабзонспор", "Антальяспор" және басқа да әйгілі клубтардың өкілдері бар.

Қазіргі уақытта TFF FIFA ұйымымен қосымша трансферлік терезе ашу мәселесін талқылап жатыр, себебі төменгі дивизиондағы клубтар дисквалификацияланған ойыншылардың орнын басатын жаңа футболшыларды тіркей алмай отыр.

Осыған байланысты ел чемпионатының екінші және үшінші лигаларындағы ойындар уақытша тоқтатылды.

Бұған дейін Рыбакинаның WTA басшысымен суретке түспеу себебін түсіндіріп бергенін жазғанбыз.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды