Рыбакина WTA басшысымен суретке түспеу себебін түсіндіріп берді

Рыбакина WTA басшысымен суретке түспеу себебін түсіндіріп берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 11:13 Сурет: j48tennis
Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Эр-Риядта өткен WTA-2025 қорытынды турнирінің марапаттау рәсімінде Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) бас директоры Порша Арчермен суретке түспеген себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

8 қарашада өткен марапаттау рәсімінде Рыбакина WTA басшысымен бірге суретке түсуден бас тартып, теннис тарихында бұрын-соңды болмаған жағдайға себеп болды. Бұл әрекетінің себебін спортшыдан баспасөз мәслихатында сұраған болатын.

Алайда Елена нақты жауап бермей, бұл мәселені өзі мен Порша Арчердің арасында қалдырған жөн екенін айтты.

Айта кетейік, Елена Рыбакина – WTA қорытынды турнирінде жеңіске жеткен Азия құрлығынан шыққан тұңғыш теннисші атанды. Бұған дейін Азия өкілдері – қытайлық Ли На (2013 жылы) мен Чжэн Циньвэнь (2024 жылы) финалға дейін жеткенімен, чемпион бола алмаған еді.

Бұған дейін Қазақстан үстел теннисінен Ислам ынтымақтастығы ойындарында алтын медаль еншілегенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: