Рыбакина Уимблдондағы жеңілісін түсіндіріп, жанкүйерлерін одан сайын ашуландырды

Әлемнің 11-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина “Уимблдон-2025” турнирінің жекелей сында үшінші айналымнан шығып қалғанының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елена Рыбакина кейінгі уақытта тұрақты түрде төмендеп келеді. Ол 5 шілде күні "Уимблдон-2025" жарысының үшінші айналымында WTA рейтингіндегі 23-орында тұрған даниялық теннисшіге есе жіберіп, жарыстан шығып қалды.
Ол бұған себеп ретінде корттарды бөлу тәртібін атады, деп жазды Punto de Break. Уимблдонның бұрынғы чемпионының айтуынша, ол бірінші немесе Орталық кортта ойнаймын деп күткен, себебі ол жақта жел соқпайды, ойнауға қолайлырақ.
Алайда Рыбакинаның кейінгі пікірі жанкүйерлер арасында наразылық туғызды.
"Қалай болғанда да, екеуіміз үшін де жағдай бірдей болды, тек мен бүгін бейімделе алмадым, - деді ол.
Жанкүйерлердің пікірі бір жерден шықты:
- "Рыбакинада жеңіске деген ішкі от, спорттық агрессия жоқ".
- "Ешқандай күрескерлік рух жоқ, мүлдем ештеңе сезілмейді", - деп жазды матчты көргендер.
Басқалар Рыбакинаны кейінгі екі жарым жылда "Үлкен дулыға" турнирлерінің финалына шықпағаны және топ-10 қатарына енбегені үшін сынады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript