Мысырда болған жол апатында туристер қаза тапты

Сурет: pexels
Мысырда туристік автобустың қатысуымен қорқынышты жол апаты болды. Экскурсиялық автобус Хургада қаласынан елдің басты көрікті жерлері – Каир мен Гиза пирамидаларына бағыт алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cairo24 порталының мәліметінше, оқиға кезінде автобуста 27 Ресей азаматы, Литваның 2 тұрғыны, Финляндияның 7 азаматы және 3 мысырлық болған. Оқиға орнында екі адам – Ресейден келген қыз және автобус жүргізушісі қаза тапқан.

Жол апаты Хургададан Рас-Гарибке дейінгі тасжолда, Қызыл теңіз провинциясының солтүстігінде болған. Апатқа ұшыраған автобус экскурсиялық топты тасымалдап келе жатқан.

Зардап шеккен туристерге қажетті көмек көрсетілуде – олардың бір бөлігі медициналық тексерістен кейін қонақүйлеріне қайтарылды.

Барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде. Жарақат алғандар жеткізілген Рас-Гарибтің орталық ауруханасында төтенше жағдай режимі енгізілді.

Бұған дейін Пәкістанда талибтер сот ғимараты маңында болған теракт үшін жауапкершілікті өз мойнына алғаны хабарланған болатын.

Армения

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі