544 млн долларға салынған әлемдегі ең биік қонақүй ашылды

Сурет: Facebook/cieldubaimarinahotel
2025 жылғы 15 қарашада Дубайда әлемдегі ең биік қонақүй - Ciel Dubai Marina ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The National мәліметінше, жобаға 2 млрд дирхам жұмсалған. Бұл – 544 млн АҚШ доллары.

Қонақүйдің биіктігі 377 метр. Бұл бұған дейін рекорд орнатқан – Gevora Hotel қонақүйінен де асып түсті, ал оның биіктігі 356 метр болатын. Дубайда әлемдегі ең биік қонақүйлердің алғашқы ондығына кіретін сегіз қонақүй орналасқан. Солардың бірі – желкен пішінінде салынған әйгілі Бурж әл-Араб. Оның биіктігі – 321 метр.

Сурет: Facebook/cieldubaimarinahotel

Ciel Dubai Marina 82 қабаттан тұрады. Қонақүйде 1004 нөмір бар, сондай-ақ азиялық, Жерорта теңізі тағамдары және үй ас мәзірі ұсынылатын бірнеше мейрамхана жұмыс істейді.

Қонақүй тағы бір әлемдік рекорд орнатты: мұндағы Tattu Sky бассейні — әлемдегі ең биік панорамалық бассейн. Ол ғимараттың 76-қабатында, қала үстінен 310 метр биіктікте орналасқан.

Сурет: Facebook/cieldubaimarinahotel

Бұдан бөлек, қонақүйдің 61-қабатында спа-орталық пен тәулік бойы жұмыс істейтін фитнес-зал бар. Барлық қонақтарға жасанды Пальма Жумейра аралындағы Soluna Beach Club жағажай клубына тегін трансфер ұсынылады.

Бұған дейін Жер шарындағы ең ұзын қала атауы туралы жазған болатынбыз.

БАЭ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді