Колумбияда теңіз түбінен қазынаға толы кеме табылып, халықаралық дау-дамай бұрқ етті

Сурет: Х/mincultura
Колумбия ежелде апатқа ұшыраған Испанияның "Сан-Хосе" әскери кемесіндегі қазынаның бір бөлігін су түбінен алып шықты. Енді олар америкалық компаниямен соттасуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеме 300 жылдан астам уақыт бұрын апатқа ұшыраған, деп жазады CNN. Сан-Хоседе болған қазына құны миллиардтаған долларға бағаланады.

Колумбиялық ғалымдар роботтардың көмегімен теңіз түбінен алтын монеталарды, фарфор ыдыстар мен зеңбіректі алып шықты. Артефактілер консервациялау процедурасынан өтеді және археологиялық зерттеулерде қолданылады.

Табылған қазынаға қазірдің өзінде талас басталып кетті. Колумбия мен АҚШ-тың Sea Search-Armada атты теңіздегі құтқару компаниясы өзара тартысуда. Колумбия кеменің сынықтарын алғаш рет 2015 жылы тапқандарын мәлімдейді, ал американдықтар оны 1980 жылдардың басында байқағандарын айтады. Америкалық фирма соттасуға дайын. Олар 10 миллиард доллар талап етуде. Бұл - кемедегі бағалы бұйымдардың болжамды құнының жартысына жуығы.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны мамонттың тісін тауып алғанын жазғанбыз.

АҚШ
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты