Қырғызстанда экс-президенттің ұлы билікті құлатуға шақырғаны үшін ұсталды

Сурет: pixabay
Қырғызстанның күш құрылымдары Социал-демократиялық партияның жетекшілерін қазіргі билікті құлатуға шақырды деген айыппен ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсталғандар қатарында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадыр Атамбаев және партияның басқа жақтастары бар.

Жергілікті 24.kg басылымының мәліметіне сәйкес, барлық күдіктілер 2026 жылғы 17 қаңтарға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

2025 жылғы 22 қарашада Қырғызстан ІІМ мәлімдеме жасап, "ІІМ Жогорку Кенеш сайлауынан кейін жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалған деструктивті топтың қызметін тоқтатты. Топ құрамына саясаткерлер, бұрынғы депутаттар, экс-мемлекеттік қызметкерлер және күш құрылымдарының қызметкерлері кірген. Олар тарапкерлерді, соның ішінде қылмыстық топтар мен спорт қауымдастықтарын, провокациялар мен күштік қақтығыстарға тартқан" делінген.

Сурет: mvd.gov.kg

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталғандар сайлау нәтижелерін жариялағаннан кейін ел бойынша, соның ішінде Бішкек пен облыстарда, митингілер сериясын ұйымдастыруды жоспарлаған. Олардың жоспарына антиконституциялық үндеулер жасау, әкімшілік ғимараттарды, телеарналарды, күш құрылымдарының нысандарын, қару-жарақты және қамау мекемелерін басып алу мүмкіндігі кірген.

Тінту кезінде қару-жарақ, оқ-дәрі, гранаталар, байланыс құралдары, 150 000 АҚШ доллары көлемінде ақша, тәртіпсіздіктерді қаржыландыру құжаттары, іс-қимыл жоспарлары және есірткі заттары тәркіленген.

Еске салсақ, 2025 жылғы 15 қыркүйекте Алмазбек Атамбаев отбасы мәжбүрлі түрде үйінен шығарылған болатын.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты