Ресейде сары аяз жүріп, ауа температурасы -50 °C-қа дейін жетті

Фото: Zakon.kz
Якутияның (Ресей) кейбір аймақтарында өткен түнде ауа температурасы алғаш рет -50 °C-қа дейін төмендеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Фобос" ауа райы орталығының жетекші маманы Михаил Леус Telegram-арнасында мәлімдеді.

Синоптиктің айтуынша, суықтың орталығы саналатын Оймяконға жақын орналасқан екі метеостанция -50,0 °C температураны тіркеген. Мұндай көрсеткіштер Оймякон ауданындағы ең ірі елді мекен Усть-Нерада және Юрты метеостанциясында байқалды.

25 қарашаға қараған түні Ресейдегі ең суық нүкте Делянкир ауылы болды – мұнда ауа температурасы -50,7 °C-қа дейін төмендеді. Салыстырмалы түрде алғанда, Оймякондтың өзінде -49,5 °C көрсеткен.

Маманның айтуынша, мұндай сары аяздар өңірге әдеттегіден ерте келді. Қазір Якутиядағы ауа температурасы климаттық нормадан 7–8 градусқа төмен, ал қараша айы жалпы алғанда 1,5–2 °C-қа қалыпты көрсеткіштен суық өтіп жатыр.

Оның сөзінше, экстремалды суықтың тым ерте түсуі Шығыс Сібірдегі қатаң қысқы циркуляцияның сақталып отырғанын көрсетеді.

Бұған дейін синоптиктер 26 қарашада Қазақстанның кейбір өңірінде қар жауып, боран соғатынын ескерткен болатын.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды