Синоптиктер 26 қарашада еліміздің кейбір өңірінде қар жауып, боран соғатынын ескертеді

Боран, қар, 26 қараша, ауа райы болжамы, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.11.2025 19:07 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміз бойынша 2025 жылғы 26 қараша, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

"Еліміздің қалған бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп болжанады", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, республикамыздың басым бөлігінде тұман болады, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста жел екпін алады деп болжанады.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның үш мегаполисі бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: