Қазақстанда 14 қарашада ауа райы қолайсыз болады

Қазақстанда 14 қарашада ауа райы қолайсыз болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2025 17:25 Сурет: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 14 қараша, жұма күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, еліміздің солтүстігінде қатты дауыл мен боран болуы мүмкін.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, жаңбыр мен қар жауады.

Ал елдің оңтүстік аймақтарында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады.

"Қазақстанның солтүстігі мен шығысында бұрқасын, ал солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде көктайғақ күтіледі", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар еліміздің көп өңірінде жел күшейіп, тұман түседі деп болжанып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: