Гвинея-Бисауда мемлекеттік төңкеріс болып, президент қамауға алынды

Сурет: wikipedia/Умаро Сиссоко Эмбало
Африканың батысындағы мемлекет - Гвинея-Бисаудың президенті Умаро Сиссоко Эмбало елде төңкеріс болғанын және өзінің қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Jeune Afrique мәліметтері бойынша, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы генерал Бяге На Нтан, оның орынбасары генерал Мамаду Туре және ішкі істер министрі Боче Канде де қамауға алынған.

Басылымның хабарлауынша, президент Армия Бас штабының басшысын қастандық жасады деп айыптайды.

23 қарашада Гвинея-Бисауда президенттік сайлау өтті. Қазіргі президент 65% дауыспен өзінің жеңіске жеткенін жариялады, ресми нәтижелер бейсенбі, 27 қарашада жарияланады деп жоспарланған болатын. Дауыс беру процесі бейбіт өтті, бірақ сайлауға оппозиция көшбасшысы Домингуш Симойнш Перейра қатыстырылмады. Оппозиция атынан Фернанду Диаш де Кошта өз кандидатурасын ұсынды, ол да өзінің жеңіске жеткенін жариялады.

БАҚ 1974 жылы Португалиядан тәуелсіздік алғаннан бері Гвинея-Бисауда бірқатар төңкерістер болғанын жазады.

Айта кетсек, Бразилия полициясы бұрынғы президент Жаир Болсонароны елден қашпақ болды деген күдікпен тұтқындалған болатын. Ол төңкеріс жасады деген айыппен 27 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады