Мальдив аралдарында турист акуланың жемтігіне айнала жаздады

Сурет: pixabay
Мальдив аралдарында демалып жүрген ресейлік турист жыртқыш балықтың шабуылына тап болып, саусағынан айрыла жаздады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Telegram-дағы "112" арнасының жазуынша, ұйымдастырушылар туристерді арнайы белгіленген жерге алып барып, олар мұхитта акуламен бірге жүзіп, әлеуметтік желілерге арналған контент түсірмек болған. Олардың айтуынша, "мейірімді" акулалар адамға қауіпсіз, тек белгілі бір ережелерді сақтаса жеткілікті.

Алайда саяхатшылардың бірі шектеуді бұзып, суға сүңгіген кезде саусақтарын ашып жіберген.

Басылым мәліметінше, зардап шеккен әйел тек жеңіл сыдырылған жарақаттармен құтылған. Ал қан сорғалаған қолымен судан шыққанында, өзінің ауырсынуды сезбегенін айтқан. Тіпті әлеуметтік желідегі парақшасында бұл белсенділікті байқап көруді де ұсыныпты.

Бұған дейін Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатқанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды