Америка елге кірер алдында шетелдіктердің әлеуметтік желідегі белсенділігін тексеруді жоспарлап отыр

Сурет: Facebook/CBPgov
АҚШ билігі шетел азаматтарын соңғы бес жылдағы әлеуметтік желідегі белсенділігі туралы деректерді ұсынуға міндеттеуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы АҚШ-тың Кедендік және шекаралық қорғау қызметі жариялаған жаңа ұсыныста айтылған. Жаңа талаптар визасыз кіру бағдарламасымен елге келетін туристерге қатысты болмақ. Бұл тізімге Ұлыбритания, Франция, Германия, Оңтүстік Корея және басқа да 42 елдің азаматтары кіреді.

Қазір визасыз кіру бағдарламасына қатысушылар ESTA электронды рұқсат ету жүйесі арқылы екі жылға жарамды рұқсат алады. Тіркелу үшін байланыс ақпаратын көрсету және 40 доллар төлеу жеткілікті. Енді Кедендік және шекаралық қорғау қызметі сұратылатын ақпарат көлемін кеңейтуді ұсынып отыр. Атап айтқанда, өтініш берушілерден соңғы он жылдағы электронды пошта мекенжайларын, отбасы мүшелері туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді және соңғы бес жылда қолданған әлеуметтік желі аккаунттарының тізімін сұрау ұсынылған.

The New York Times газетінің жазуынша, туризм индустриясының өкілдері бұл ұсыныс жарияланбас бұрын Кедендік қызмет олармен кеңес жүргізбегенін айтқан. Сұхбат берген мамандардың бірі бұл бастаманы "шетелдік келушілерге бақылауды айтарлықтай күшейту" деп бағалады. Заңгерлердің пікірінше, жинақталатын ақпарат көлемін арттыру өтініштерді қарау мерзімін ұзартуы және қосымша тексеруге жіберілетін туристер санының өсуіне әкелуі мүмкін.

Бұған дейін Таиланд пен Камбоджа шекарасындағы қақтығыс салдарынан мыңдаған адам босқынға айналғанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды