Парашютші ұшақ қанатына ілініп, оқыс бола жаздады

Сурет: Jarred Nolan / ATSB
Австралиялық тәжірибелі парашютші бір күнде үш рет секірмек болған. Алайда 4,5 мың метр биіктіктен секірген сәтте оның қосалқы парашютінің тұтқасы ұшақ қанатына ілініп, парашют ерте ашылып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News мәліметінше, оқиға 20 қыркүйекте Солтүстік Квинслендте болған. Cessna Caravan ұшағы Талли әуежайынан 16 адамдық топтық парашютпен секіру үшін ұшып шыққан.

Парашютші Адриан Фергюсон секіруді таза орындауға тырысқанымен, дайындық кезінде оны ашылып кеткен парашют кері итеріп, ол ұшақтан еріксіз құлап түскен. Осы кезде оның аяқтары ұшақтың сол жақтағы көлденең тұрақтандырғышына соғылып, әуе техникасына айтарлықтай зақым келтірген.

Оған дейін спортшы аяқтарымен ұшақ бортына қатты соғылып, табанын жарақаттап алған. Абырой болғанда, Фергюсон жағдайды тез бағалап, арнайы пышақпен артық арқан-бауларды кесіп, негізгі парашютін аша алған.

Төтенше жағдай кезінде 13 парашютші ұшақтан секіріп үлгерген, ал тағы 2 адам есік маңында қалған. Оқиғадан кейін ұшақ жоғары жылдамдықпен төмен құлдилай бастаған, осылайша Брисбендегі әуе қозғалысын басқару орталығына төтенше жағдай туралы сигнал берілген.

Бұған дейін Түркияның қонақ үйлерге қоныстану кезіндегі ережелерді жаңартқанын жазғанбыз.

АҚШ
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды