Берлиндегі АҚШ пен Украина келіссөздерінің қорытындысы жария болды

Сурет: Владимир Зеленскийдің Telegram арнасы
Берлиндегі (Германия) америкалық және украиндық делегациялардың келіссөздерінің екінші раунды аяқталды. Бұл туралы Украинаның "5 арнасы" Владимир Зеленскийдің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Дмитрий Литвинге сілтеме жасап жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, тараптар 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды егжей-тегжейлі талқылады. Украиналық БАҚ кездесу шамамен екі сағатқа созылғанын айтады.

The Guardian басылымы түсіндіріп өткендей, өз мәресіне жеткен келіссөздер шешілмеген аумақтық дауларға байланысты нәтижесіз деп танылды.

АҚШ делегациясының құрамында президенттің арнайы өкілі Стивен Уиткофф және Дональд Трамптың күйеу баласы, кәсіпкер Джаред Кушнер де бар.

Украина тарапынан Украина президенті Владимир Зеленский, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров және УҚК Бас штабының бастығы Андрей Гнатов қатысты.

Бұған дейін Трамптың қолқалауымен Лукашенко 123 шетелдікке рақымшылық жасағаны хабарланған.

Германия
Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі