Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы гонконг тұмауына қатысты алаңдаушылық білдіруде

Фото: pixabay
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мамандары A(H3N2) тұмау вирусының, яғни гонконг тұмауының, жылдам таралып жатқанын тіркеп отыр. Қазіргі таңда бұл вирус әлемнің 30 елінде анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

AXAR.AZ дерегіне сүйенсек, бұл туралы ДДҰ-ның Эпидемиялық және пандемиялық қауіптерді басқару департаментіндегі бөлім басшысы Вэньцин Чжан мәлімдеген.

Оның айтуынша, Солтүстік жарты шарда қыс мезгілінің басталуына байланысты тұмау және басқа да тыныс жолдары вирустарының таралуы күшейген. Алайда, соған қарамастан, биылғы маусымдағы тұмауға шалдығу деңгейі әзірге күтілген шек айналасында, деп атап өтті сарапшы.

Чжанның сөзінше, ұйым A(H3N2) вирусының J.2.4.1 деп аталатын жаңа қосалқы түрінің пайда болып, тез таралғанын байқаған.

"Бұл қосалқы түрдегі вирус алғаш рет тамыз айында Австралия мен Жаңа Зеландияда тіркелді. Кейіннен ол Оңтүстік Америкадан басқа барлық өңірлерде, 30-дан астам елде анықталды", – деді ол Женевада өткен брифинг барысында.

Сарапшы жаңа нұсқаға қатысты жиналған алғашқы деректерге сүйене отырып, қазіргі маусымдық вакциналар ауыр ауру түрлерінен қорғайтынын және ауруханаға жатқызу қаупін төмендететінін айтты.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды