Үндістанда бұралқы иттер көшеде қалған тастанды сәбиді талап өлтірген

Сурет: pixabay
Үндістанның Одиша штатында көшеге тастап кеткен жаңа туған нәрестені қаңғыбас иттер талап өлтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Odisha телеарнасының мәліметінше, оқиға туралы полицияға жергілікті тұрғындар хабарлаған. Олар иттердің аузынан адам денесінің бөліктерін байқаған. Қайғылы жағдай 16 желтоқсан күні орын алған.

Сол күні Баликатиран ауылында тұрғындар балалар алаңының маңында жүрген қаңғыбас иттер тобын байқайды. Құқық қорғау органдары келгенге дейін ауыл тұрғындары иттерді қуып жіберіп, шашылып жатқан нәрестенің дене бөліктерін тапқан.

Оқиға орнына келген полицейлер табылған дене бөліктері жаңа туған сәбиге тиесілі екенін растады. Алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, сәбиді ашық жерге тастап кеткен болуы мүмкін, бұл қаңғыбас иттердің назарын аударған. Алайда баланың нақты қалай қаза тапқаны әзірге анықталған жоқ.

Қазіргі уақытта полиция тергеу жұмыстарын жалғастырып, бұл іске қатысы бар адамдарды іздестіріп жатыр.

Бұған дейін Мәскеуде үйде толғатқан әйелдің шақалағы бірден шетінеп кеткенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі