Парижде ұрлық тыйылмай тұр: бұл жолы сирек сапфир қолды болды

Сурет: unsplash
Парижде белгісіз біреу зергерлік бұйым тасымалдап жүрген курьерге шабуыл жасап, 150 мың еуро тұратын сапфир мен басқа да бағалы заттарды ұрлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Париждегі батыл тонаулар жалғасуда: осы жолы сирек сапфир ұрланды

Бұл туралы Le Figaro басылымы прокуратураға сілтеме жасап жазды.

Оқиға 22 желтоқсанда таңертең болған. Қылмыскер екі курьерге автокөліктен түскен сәтінде шабуыл жасаған. Тергеу деректеріне сүйенсек, оның қолында зілбалға болды. Ол бір курьердің самайына соққы жасап, бес пакеттегі зергерлік бұйымдар мен алтындарды алып кеткен.

Қылмыскер оқиға орнынан скутермен ізін суытқан. Полиция іздестіру жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салсақ, 2025 жылғы 18 қазанда атақты Лувр музейінен әйгілі зергерлік бұйымдар ұрланғанын жазғанбыз. Мұны көпгілік "ғасыр тонауы", деп атап кетті.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

QazVac авторы мен медицина саласының сарапшылары Ақтөбеде болашақ дәрігерлермен ұлттық құндылықтарды талқылады