Илон Маск Еуропадағы демографияға қатысты елең етерлік мәлімдеме жасады

Сурет: X/ElonMusc
Америкалық кәсіпкер Илон Маск Еуропа халқында "Ұлы алмастыру" процесі жүріп өткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) танымал америкалық блогер әрі крипто-кәсіпкер Марио Науфалдың жазбасын қолдай отырып жазды. Блогер Брюссельдегі кәмелетке толмағандардың аз ғана бөлігі бельгиялық екенін, ал басым көпшілігі Еуропадан тыс жерлерден келгенін, олар нақты уақыт режимінде болашақ халықтың құрамын өзгертетінін атап өтті.

"Брюссельдегі демографиялық алмасу: оны енді теріске шығару мүмкін емес, өйткені төрт баланың үшеуі еуропалық болып табылмайды (...) Бұл - кездейсоқтық емес, ескертулерді "мифтер" деп елемеген саяси элита қабылдаған мақсатты саяси шешімдердің нәтижесі (...) Астанада өз халқының көп бөлігі тарихи, мәдени және азаматтық тамырларын жаюды тоқтататын деңгейге жеткенде интеграция елеске айналады", деп жазды Науфал.

Маск та бұл ретте өзіңе белгілі деректермен бөлісіп, оған үн қосты.

"Брюссельдегі балалардың 73%-ы - еуропалық нәсілге жатпайды! Ұлы алмастыру процесі жүріп болды", - деп жазды кәсіпкер.

Бұған дейін Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанғанын жазғанбыз.

Еуроодақ
Маск Илон

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі