Садыр Жапаров Алмазбек Атамбаевты барлық мемлекеттік наградаларынан айырды

Сурет: president.kg
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров 2025 жылғы 29 желтоқсанда Алмазбек Атамбаевты барлық мемлекеттік наградаларынан айыру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстан Президентінің ресми сайтында айтылғандай, бұл шешім Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының 2025 жылғы 3 маусымдағы үкімін орындау мақсатында және "Мемлекеттік наградалар туралы" заңға және Қырғызстан Конституциясына сәйкес қабылданған.

Жарлыққа сәйкес, Алмазбек Атамбаев келесі наградаларынан айырылды:

Сонымен қатар, бұл наградалар бұрын берілген президент жарлықтарының бәрі күшін жойған болып есептеледі.

Қосымша бөлімде көрсетілгендей, Бас прокуратурадағы сот орындаушылар қызметіне мемлекеттік наградалар мен оларға қатысты құжаттарды алып, мемлекеттік наградалар қорының қарауына тапсыру тапсырылған.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев Қырғызстан Президенті қызметін 2011 жылғы 1 желтоқсанда бастап 2017 жылғы 24 қарашаға дейін атқарған.

Сондай-ақ, бұған дейін Бішкекте блогер Акума президент Садыр Жапаровпен жасанды интеллект арқылы жасалған сурет үшін 5500 сом (32 мың теңгеден астам) айыппұл төлейтіні туралы хабарланған еді.

Қырғызстан
Атамбаев Алмазбек
Жапаров Садыр

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз