Азиядан шыққан заңсыз мигрант АҚШ қаласының мэрі болды

Сурет: Facebook/kaohlyforstp
2 қаңтарда АҚШ-тың Сент-Пол қаласының мэрі қызметіне Оңтүстік-Шығыс Азиядан шыққан заңсыз мигрант Каоли Ванг тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен жазда сайлауалды науқан кезінде Каоли Ванг әкесінің АҚШ консулдығындағы қызметін пайдаланып, елге көшу үшін құжаттардағы мәліметтерді қолдан жасағанын мойындаған. Ванг Лаоста дүниеге келген және бірнеше жылдан кейін ғана ата-анасымен бірге АҚШ-қа заңсыз түрде қоныс аударған. Осыған байланысты ол да, оның отбасы да көші-қон заңын бұзған тұлғалар болып есептеледі.

"Мен бұл елде ата-анам секілді заңсыз тұрып келдім", — деп мәлімдеген еді ол сол кезде, мэрлікке үміткер ретінде.

Ел аумағында заңсыз болғанын және соның салдарынан азаматтықты да заңсыз алғанын мойындауына қарамастан, Ванг 2025 жылдың күзінде Сент-Пол қаласы мэрінің сайлауында жеңіске жетті. Ал 2 қаңтар күні ол ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті.

Ал 1 қаңтарда Нью-Йорк қаласының жаңа мэрі Зоран Мамдани Құран ұстап ант қабылдады.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі