Мадуро түрме камерасынан жақтастарына видеоүндеу жолдады

Сурет: instagram/nicolasmaduro
Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ-та ұсталғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол түрме камерасынан видеоүндеу жазып, өзінің және жұбайы Силия Флорестің жағдайы жақсы екенін айтқан. Бұл туралы Lemonde жазады.

Мадуро қысқа видеода олардың рухы сынбағанын, күрескерлік жігерін сақтап отырғанын айтып, жақтастарын мойымауға үндеді.

"Біз – күрескерлерміз", - деді ол.

Мадуро мен оның жұбайы АҚШ-тың әскери операциясы барысында ұсталып, шамамен бір аптадан бері Нью-Йоркте қамауда отыр. Қазіргі уақытта Венесуэла басшысы "наркотерроризм" айыбы бойынша сотты күтіп отыр.

АҚШ 2026 жылғы 3 қаңтарға қараған түні Венесуэлаға соққы жасап, ел басшысы Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флоресті ұстап, Америка Құрама Штаттарына алып кеткен. Мадуро мен оның әйелі "наркотерроризм", қару сақтау және есірткі контрабандасы бойынша айыпталған. Нью-Йорк сотында олар өздерін толықтай кінәсіз деп мәлімдеді.

6 қаңтарда Венесуэлада жүргізілген әскери операция аясында АҚШ Конгресінің мүшесі Эйприл Делэйни демократтарды АҚШ президенті Дональд Трампқа импичмент жариялау рәсімін бастауға шақырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды