Пашинян армяндарды би кешіне шақырды

Сурет: Telegram/Никол Пашинян
Армения премьер-министрі Никол Пашинян ел азаматтарын 30 қаңтарда өтетін Еревандағы музыкалық кешке шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, бұл іс-шарада саясаткер барабаншы ретінде өнерін көрсетеді. Топ кәсіби музыканттардан тұрады.

"Би алаңына шақырамын. Біз шырқаймыз, сіз билейсіз. Кездесу Ереванда өтеді. Біз нақты орны туралы қосымша хабарлаймыз", – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желілерінде.

Еске салсақ, желтоқсан айының соңында Пашинян басқарушы партияның "азаматтық келісім" саяси жиналысы кезінде барабанда ойнаған болатын.

Бұған дейін Түркияда "Сүлеймен сұлтан" сериалының мерейтойы атап өтілуде екенін жазғанбыз.

Армения
Пашинян Никол

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз