Бұл тосын оқиға туралы 2026 жылғы 22 қаңтарда Балаково қалалық клиникалық ауруханасында мәлімдеді.
"Сейсенбі, 13 қаңтар күні Балаково қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне, биіктіктен құлаған науқас түсті. Алғашқы тексеру мен сынама алу кезінде ол дәрігерлерге Эйфель мұнарасынан құлағанын айтты. Әрине, дәрігерлер алғашында сенбеді. Алайда науқас шын айтып тұрғанын жеткізіп, суреттер көрсеткен. Суретте шынымен париждік мұнараға ұқсас, биік металл конструкция бейнеленген екен. Белгілі болғандай, бұл экстрим-селфи түсіруді ұнататындар жиі баратын орын көрінеді,- деп баяндады аурухана өкілдері.
Сурет: vk.com/balakovskayagkb
Мамандардың айтуынша, науқастың екі қабырғасы сынып, жұмсақ тіндері зақымданған.
"Жедел диагностика, ауырсынуды басу және уақтылы көрсетілген білікті медициналық көмектің арқасында қазір оның жағдайы тұрақты, келесі аптада ауруханадан шығаруға дайындалып жатыр", – деп мәлімдеді дәрігерлер.
Бұған дейін Жапонияда бұрынғы түрмені сәнді қонақүйге айналдырғанын жазғанбыз.