АҚШ-та қарлы боранда отыз шақты адам көз жұмды

Сурет: pixabay
АҚШ-та жойқын қысқы дауыл соғып, салдарынан 26 америкалық қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

New York Post басылымының жазуынша, кейбір адамдар қар тазалау кезінде көз жұмса, енді біреулері қысқы ойын-сауық кезінде қайтыс болған.

"Кемінде 26 адам қаза тапты, олардың қатарында шанамен сырғанаған екі жасөспірім де бар", – делінген ақпаратта.

Басылым бірнеше қайғылы оқиғаны мысалға келтіреді. Мәселен, 16 жастағы қыз құрбысымен бірге көлікке шана байлап сырғанаған. Бір сәтте, ойын-сауық бақылаудан шығып, олар ағашқа соғылып, көз жұмған. Бұл оқиға аймақтағы қолайсыз ауа райына байланысты болған алғашқы қайғылы жағдайлардың бірі ретінде тіркелді.

Сонымен қатар Нью-Йорк қаласында 60 жастағы ер адам шіркеу маңындағы қарды тазалау кезінде көз жұмған. Ал Пенсильвания штатында жасы 60 пен 84 аралығындағы үш адам қар күреу барысында қайтыс болды.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, дауыл салдарынан бір миллионнан астам адам жарықсыз қалған, 16 мыңнан аса әуе рейсі тоқтатылған, тағы мыңдаған рейс кешіктірілген. Елдің едәуір бөлігінде саршұнақ аяз болып, ауа райы қолайсыз қалып отыр.

Бұған дейін АҚШ әскері жақын күндері Иранға шабуыл жасауы мүмкін екенін жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр