Италияда Олимпиадаға қарсы террорлық акт тергеліп жатыр

Фото: unsplash
Италияның Болонья қаласына жақын маңдағы теміржолда кабельдердің кесіліп тасталуына қатысты іс террорлық акт ретінде тергелуде. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасаған ANSA агенттігі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Oxu.az басылымының мәліметінше, қала прокуратурасы істі полицияның арнайы бөлімшесінен алған. Қазіргі уақытта күдіктілер анықталған жоқ.

Болонья маңындағы теміржол учаскесінде кабельдер кесілген сәтте, басқа бағытта қолдан жасалған жарылғыш құрылғы табылып, залалсыздандырылған. Аталған оқиғалар пойыз қозғалысының едәуір кідірісіне себеп болған.

Тергеу деректеріне сәйкес, бұл оқиғалар Италияда басталған Олимпиада ойындарына қарсы әрекет ететін анархистік топтармен байланысты болуы мүмкін.

Жарыс өтетін қалалардың бірі — Миланда Олимпиадаға қарсы наразылық шерулері өтіп жатыр. 7 ақпанда өткен кезекті акция тәртіпсіздікке ұласып, наразылық білдірушілер мен полиция арасында қақтығыстар тіркелген.

Бұған дейін Таиланд жағалауында жанармай тиеген кеме суға батып, экологтар Пхукет жағажайларында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқаны хабарланған болатын.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды