Өлім-жітім деңгейі бойынша ең қауіпті 10 вирус аталды

Фото: pixabay
Кейбір вирустар миллиондаған адамға жұққанымен, салыстырмалы түрде аз адам өліміне әкеледі. Ал енді бір түрлері кең таралмауы мүмкін, бірақ жұқтырғандар үшін анағұрлым қауіпті саналады, деп жазады Zakon.kz.

Naked Science басылымының жазуынша, төменде ауру жұқтырғандар арасындағы өлім үлесі бойынша ең қауіпті 10 вирус ұсынылған.

Тізімнің сөзсіз "көшбасшысы" – құтыру (бешенство). Ауру белгілері пайда болғаннан кейін өлім ықтималдығы 100 пайызға жуықтайды. Құтыру жыл сайын шамамен 59 мың адамның өмірін қияды. Ауру негізінен Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде кең таралған. Бұған басты себеп – байланыстан кейінгі алдын алу шаралары мен дер кезінде емдеуге қолжетімділіктің шектеулі болуы.

Тізімдегі бірнеше вирус вирустық геморрагиялық қызбаны тудырады. Олардың қатарында Эбола вирусы, Марбург вирусы және Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы вирусы бар. Бұл аурулар көбіне ішкі қан кетумен және ағзалардың қызметінің бұзылуымен қатар жүреді.

Эбола мен Марбург вирустарының өлім-жітім деңгейі шамамен 50 пайызға жетеді.

Көбіне кене мен ауыл шаруашылығы жануарлары арқылы жұғатын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы Еуразия мен Африкада кең таралған. Өлім-жітім көрсеткіші 10-нан 40 пайызға дейін жетіп, жыл сайын 1–2 мың адамның қаза болуына себеп болады.

Жемісқор жарқанаттар Нипах вирусы мен Марбург вирусының табиғи тасымалдаушысы болып саналады. Кеміргіштер Лухо вирусымен байланысты. Ал бір өркешті түйелер MERS-CoV вирусының негізгі көзі болып табылады. Бұл вирус алғаш рет 2012 жылы Сауд Арабиясында анықталған.

Құс тұмауының H5N1 түрі жұқтырған құстар арқылы таралады. Адамдар арасындағы расталған жағдайларда өлім-жітім деңгейі шамамен 50 пайызды құрайды. Бұл маусымдық тұмаумен салыстырғанда әлдеқайда жоғары көрсеткіш.

Адамдарға жұғу жағдайлары салыстырмалы түрде сирек тіркелгенімен, өлім деңгейінің жоғары болуы әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарын үнемі сақтықта ұстауда.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы COVID-19 індеті бойынша қазіргі жағдай туралы мәлімет берген болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі