Норвегияда АҚШ елшілігінде жарылыс болды

Сурет: pixabay
2026 жылы 8 наурызда таңертең Ослодағы АҚШ елшілігі ғимаратында жарылыс болды. Норвегия полициясының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, ал бүліну деңгейі шамалы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның хабарлауынша, жарылыс АҚШ елшілігі кешенінің консулдық бөлімшесінің кіреберісінде болған.

Куәгерлердің айтуынша, түнгі сағат 1:00 шамасында қатты жарылыс болған. Осло тұрғыны Анна Гилбо CNN-ге берген сұқбатында ол кезде өзіңнің достарымен үйде болғанын айтады.

"Мен теледидар көріп отырғанмын, бір уақытта бүкіл үйді қозғап жіберген қатты дауысты естідім. Жарылыстан кейін іздеу жұмыстары біраз уақытқа дейін жалғасты, бұл мені және достарымды қатты алаңдатты, бірақ қауіп сейілген сияқты", - дейді ол.

Осло полициясының өкілі Микаэль Деллемир NRK қоғамдық телеарнасына жарылыс шынымен де Америка елшілігінің аумағында болғанын айтты.

Оқиға Американың дүние жүзіндегі дипломатиялық өкілдіктерінде күшейтілген қауіпсіздік шаралары кезінде орын алды. Бұған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соққы жасауы, ал Тегеранның Парсы шығанағындағы АҚШ нысандарына шабуыл жасауы сипатындағыТаяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуімен байланысты.

Ослодағы жарылыстың осы оқиғаларға қатысы бар-жоғы, әзірге белгісіз.

Бұған дейін бір тәулік ішінде Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанның 1,7 мыңнан астам азаматы ұшып шыққаны хабарланған.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті