Al Jazeera мәліметінше, шабуылдар медицина саласының қызметкерлеріне де әсер еткен. Израиль соққылары нәтижесінде кемінде 38 медицина қызметкері қаза тауып, 69-ы жарақат алған.
"2 наурыздан бері Израиль агрессиясының салдарынан 886 адам қаза тауып, 2141 адам жараланды", – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар Израиль әскері Ливанның оңтүстігінде операцияларын кеңейтіп жатыр. Дүйсенбі күні журналистерге берген сұхбатында Израиль армиясының баспасөз хатшысы, подполковник Надов Шошани әскердің елдің оңтүстігіндегі жаңа аудандарға кіргенін айтты.
Оның сөзінше, сарбаздар қазір "жаңа локацияларда" әрекет етуде, ал бұл ілгерілеу "шектеулі әрі нақты мақсатқа бағытталған" операция ретінде сипатталады.
Бұған дейін Пәкістан Ауғанстанның әуе кеңістігін бұзғанын жазғанбыз.