Танымал авиакомпанияның ұшағы әуеге көтерілісімен жанып кетті

Сурет: pexels
29 наурызда Бразилияда ұшақтың ұшып көтерілу кезінде қозғалтқышының бірі өртеніп кетті. Оқиға Delta Air Lines әуе компаниясының ұшағында болған. Гуарульюс әуежайынан Атланта қаласына бағыт алған ұшақ жарылыстан кейін шұғыл түрде әуежайға қайта қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN Brasil мәліметінше, ұшақ Гуарульюстен 22:49-да ұшып шығып, көп ұзамай қайта оралған. Қону кезінде оны өрт сөндіру және құтқару қызметі қарсы алған.

Әуе компаниясының хабарлауынша, жолаушылар кейін автобуспен терминалға жеткізілген. Азаматтық қорғаныс қызметі мен әуежай әкімшілігі жолаушылар мен экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпегенін растады.

YouTube-та жарияланған видеода ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай ұшақтың сол жақ қозғалтқышының өртенгені көрінеді. Жарылыс салдарынан жанған бөлшектер әуежай аумағындағы шөптің үстіне түсіп, өртке себеп болған.

Аудиожазбада диспетчерлердің ұшқыштарға "қанатта өрт шықты" деп ескерту жасағаны естіледі. Delta Air Lines ресми сайтында бұл рейстің тоқтатылғаны хабарланды.

Әуежай мәліметіне сәйкес, оқиғаға байланысты 14 рейс басқа бағытқа жіберіліп, 28 рейс (ұшып келетін және ұшып кететін) толықтай тоқтатылған.

Бұған дейін Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 60-тан астам адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды