NASA суперкомпьютері адамзаттың Жердегі жойылу мерзімін есептеді

Сурет: freepik
1947 жылы ядролық ғалымдар адамзат әрекетінен туындайтын апокалипсис қаупін ескерту үшін "Қиямет сағатын" жасаған болатын. Соңғы зерттеулерге сәйкес, адамзаттың ақыры бұрын болжанғаннан да ертерек келуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Star басылымының мәліметінше, NASA-ның Астробиология институтының деректеріне сүйенсек, Жер атмосферасының "жарамдылық мерзімі" күткеннен бұрын аяқталуы ықтимал.

Бұған дейін Күн құрамындағы өзгерістерге байланысты Жер шамамен екі миллиард жылдан кейін тіршілікке жарамсыз болады деп есептелген еді. Алайда жаңа зерттеу бұл мерзімнің екі миллиард емес, шамамен бір миллиард жыл екенін көрсетіп отыр.

NASA жүргізген компьютерлік есептеулерге сәйкес, адамзаттың жойылуы 1 000 002 021 жылға сәйкес келеді. Ғалымдардың айтуынша, алдағы бір миллиард жыл ішінде Күн көлемі ұлғайып, көбірек жылу бөледі. Соның әсерінен Жер біртіндеп тіршілікке қолайсыз ортаға айналады.

Күн белсенділігінің өзгеруіне байланысты, ғалымдар судың Жер бетінен буланып, атмосфераның жоғарғы қабаттарына көтерілуі арта түсетінін болжайды. Бұл өз кезегінде тіршілік үшін аса қолайсыз жағдай туғызып, ауыр экологиялық өзгерістерге әкеледі.

Айта кетейік, бұған дейін инженерлер 1000 реттен астам өздігінен қалпына келе алатын материал жасап шығарған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астанада ер адам өзін негізсіз жұмыстан шығарған жұмыс берушісінен 7 млн теңге өндіріп алды

Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды