Қырғызстанда оқу жылының басталуы 15 қыркүйекке шегерілді

Фото: Zakon.kz
Қырғызстанда 2026 жылғы жаңа оқу жылының басталу мерзімі өзгертіліп, енді ол 15 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 27 сәуірде өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның ағарту министрі Догдуркүл Кендирбаева мәлім етті.

Сонымен бірге, оның айтуынша, оқу жылы бұрынғыдай 25 мамырда аяқталады.

24.kg басылымының мәліметінше, оқу жылының басталуын кейінге шегеру Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына байланысты.

ШЫҰ саммиті 2026 жылғы 31 тамыз – 1 қыркүйек аралығына жоспарланған, ал Көшпенділер ойындары 31 тамыз – 6 қыркүйек аралығында өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Жұмғалбек Шабданбеков елдегі күштік құрылымдар арасындағы "қақтығыс" туралы тараған қауесеттерге нүкте қойған болатын.

Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Азық-түлік 18%-ға қымбаттауы мүмкін: Дүниежүзілік банк дабыл қақты

Жалақы 40%-ға дейін өседі: ДДСҰ Тоқаевтың шешімін қолдады

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады