Зейнеткер тауып алған әмиянды қайтармағаны үшін қамауға алынды

Сурет: freepik
Жапонияда егде жастағы әйел көшеден бөтен біреудің әмиянын тауып алып, бұл туралы полицияға хабарламағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Japan Today басылымының жазуынша, оқиға Мисаса елді мекенінде болған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 26 сәуір күні таңертең 71 жастағы әйел жол үстінен 60 жастағы ер адамның қалтасынан түсіп қалған әмиянды тауып алған. Оның ішінде шамамен 37 мың иен (105 мың теңгедей) қолма-қол ақша болған.

Зейнеткер табылған затты өзімен алып кеткен, алайда оны иесіне қайтаруға әрекет жасамаған және полицияға да жүгінбеген. Кейін құқық қорғау органдарына әйелдің тротуардан әмиянды көтеріп алғанын байқаған куәгер хабар берген.

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Қазіргі уақытта оған қандай жаза қолданылатыны нақтыланбаған.

Бұған дейін екі қазақстандықтың Бішкекте жалған доллармен ірі алаяқтық жасағанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді