Әкесі 14 жастағы қызын мектептен себепсіз қалғаны үшін аяусыз ұрып, шашын тақырлап алып тастаған

Фото: pexels
АҚШ-тың Юта штатында 14 жастағы қызын қатты соққыға жығып, шашын тақырлап алып тастаған ер адам ұсталды. Әкесі осындай қатыгез тәсілмен жасөспірім қызын мектептегі сабақтан жиі қалатыны және тәртібіндегі мәселелер үшін жазаламақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы NewsNation телеарнасы мәлімдеді. Олардың дерегінше, полицияға көрші әйел хабарласып, ер адамның қызын ұрып жатқанын бейнебақылау камерасынан көргенін айтқан.

Бейнежазбаны қараған полицейлер күдіктінің қызын асүйге күштеп итеріп кіргізіп, шаш алатын машинканы қолына алғанын байқаған.

"Осыдан кейін ер адам қызын шашынан тартып, басын жерге соққан. Кейін оны жертөлеге сүйреп апарып, алдымен шашын қайшымен қиып, артынша машинкамен тақырлап алып тастаған", – делінген жарияланымда.

Тергеу барысында ер адам қызының шашын мектептен жиі қалатыны және жасөспірімдік кезеңге байланысты мінез-құлқындағы мәселелер үшін жазалау мақсатында алғанын мойындаған. Сондай-ақ ол бұған дейін үлкен қызына да дәл осылай жасағанын және бұл "мәселені шешкенін" айтқан.

Күдікті қамауға алынып, Солт-Лейк округінің түрмесіне қамалды. Оған балаға қатыгездік көрсету бабы бойынша айып тағылды.

Бұған дейін Израиль Иранға қарсы әскери іс-қимылдарды қайта жандандыруға кірісіп жатқанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін