Сахара шөлінде адасып кеткен ер адам бес күннен кейін аман табылды

Сурет: magnific
Ливия шөлінде бес күн бойы із-түзсіз жоғалған Марван әл-Бахиджи тірі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Need To Know басылымының мәліметінше, Брега қаласының тұрғыны 12 мамыр, сейсенбі күні мұнай кен орнынан шыққаннан кейін жоғалып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, ол шөл далада жолынан жаңылып, кейін көлігі адам жетуі қиын аймақта бұзылып қалған.

Ер адамды іздеу бірнеше күнге созылған. Іздеу жұмыстарына еріктілер, жол талғамайтын көліктер мен авиация тартылып, әлеуметтік желілерде де кең ауқымды ақпараттық науқан жүргізілген.

Марван әл-Бахиджи Ливиядағы Джихарра аймағының оңтүстік-шығысындағы Рамль-81 ("Құм-81") аумағынан табылған. Аптап ыстық пен сусыз қалу қаупіне қарамастан, оның жағдайы тұрақты деп бағалануда. Белгілі болғандай, ол бұған дейін өзі шөлге жалғыз сапарға шығудың қауіпті екенін айтып, адамдарды серіксіз жолға шықпауға шақырған екен.

Мамандардың пікірінше, оның аман қалуына көлігінің жанында қалғаны себеп болуы мүмкін. Себебі шөлде жаяу жүрген адамға қарағанда, көлікті әуеден де, жерден де табу әлдеқайда оңай.

Ливия шөлі шамамен 502 мың шаршы миль аумақты алып жатыр және Сахараның ең құрғақ әрі адам аз қоныстанған бөліктерінің бірі саналады.

Оның табылған сәті видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

Бұған дейін екі альпинист Эверестке шығуда жаңа рекорд орнатқанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді