Ер адам үш жасар баланы қолтырауын тұрған қоршауға лақтырып жіберді

Сурет: pexels
Ұлыбританияда үш жасар бала шағын жеке хайуанаттар бағы аумағында ауыр жарақат алды. Оқиға Кембриджшир графтығындағы Johnsons of Old Hurst фермасында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 30 жастағы ер адам баланы қолтырауын орналасқан қоршауға лақтырып жіберген. Оқиға салдарынан бүлдіршін ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

РИА Новости агенттігінің жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлауынша, бала Addenbrooke's Hospital ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.

Күдікті бірден ұсталды. Оның көршілес Норфолк графтығында тұратыны анықталған. Ер адамның не себепті балаға шабуыл жасағаны әзірге белгісіз. Полицияның мәліметінше, күдікті мен бала бір-бірін танымайды.

Қазір құқық қорғау органдары мен басқа да мамандар зардап шеккен баланың отбасына қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Бұған дейін балабақша аумағында улы жыланды байқап қалған баланың ықтимал төтенше жағдайдың алдын алғаны туралы хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады