Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға альпинистердің тауға өрмелеп бара жатқан сәтінде болған. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің Эльбрус жоғары таулы іздестіру-құтқару жасағының 12 құтқарушысы дереу оқиға орнына аттанды.
Қазіргі уақытта зардап шеккен адамға көмек көрсету және оқиғаның мән-жайын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқару операциясы әлі аяқталған жоқ.
Оқиғаның нақты себептері анықталуда.
Бұған дейін Иранның Иорданиядағы шабуылынан екі америкалық әскери қаза тапқанын жазғанбыз.