Еуро банкноттарының дизайны жаңартылады

Сурет: pexels
Еуро банкноттары 20 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жаңа дизайнға ие болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропалық орталық банк еуроның жаңа сериясына арналған банкноттардың соңғы дизайн нұсқаларын таныстырды. Жалпы 10 нұсқа ұсынылған. Олар екі негізгі тақырыптық тұжырымдамаға негізделген:

Сурет: ecb.europa.eu

Еуропалық орталық банктің мәліметінше, Еуропа тұрғындары өздеріне ұнаған дизайнды 21 қыркүйекке дейін өтетін қоғамдық дауыс беру арқылы таңдай алады.

Банк басқарушылар кеңесі жаңа банкноттардың түпкілікті дизайнын 2026 жылдың соңына дейін бекітуді жоспарлап отыр. Осыдан кейін олар өндіріс алдында жетілдіру және қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру кезеңдерінен өтеді.

Еуропалық орталық банк жаңа банкноттар бірнеше жылдан кейін ғана айналымға енгізілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар қазіргі қолданыстағы еуро банкноттары заңды төлем құралы мәртебесін сақтап, жаңа сериямен қатар айналымда қолданыла береді.

Бұған дейін Ұлттық Банк тағы бір жаңа монетаны сатылымға шығарғанын жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады