Пашинян жаңа парламент жұмысын бастағаннан кейін отставкаға кетті

Сурет: Telegram/Никол Пашинян
Армения премьер-министрі Никол Пашинян 9-шақырылымдағы Ұлттық жиналыстың алғашқы отырысы өткен күні, 2 тамызда, отставкаға кетті. Бұл ел Конституциясында қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Негізгі заңға сәйкес, жаңа шақырылымдағы парламенттің алғашқы сессиясының бірінші күнінде премьер-министр бастаған үкімет отставкаға кетеді. Алайда жаңа үкімет құрамы жасақталғанға дейін министрлер кабинеті өз міндеттерін атқаруды жалғастырады, деп жазады "Спутник Армения".

Жаңа парламенттің өкілеттігі күшіне енгеннен кейін президент биліктегі фракцияның ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды.

Бұған дейін, 30 шілдеде Никол Пашинян үкіметтің бұрынғы құрамдағы отырысы соңғы рет өтетінін мәлімдеген еді. 7 маусымда өткен парламент сайлауында Пашинян жетекшілік ететін биліктегі "Азаматтық келісім" партиясы жеңіске жетіп, жаңа үкіметті өз бетінше жасақтау құқығына ие болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы