Түркияның Әуе күштерінде алғаш рет әйел генерал тағайындалды

Сурет: turkiyegazetesi
2026 жылғы 30 тамыздан бастап полковник Өзлем Карапынар Түркия Әуе күштері тарихындағы алғашқы әйел генерал атанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жуырда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның төрағалығымен өткен Жоғары әскери кеңестің отырысында Қарулы күштердің басшылық құрамына қатысты жаңа тағайындаулар мен әскери атақтарды көтеру туралы шешімдер қабылданды. Türkiye Gazetesi басылымының жазуынша, ең маңызды шешімдердің бірі – полковник Өзлем Карапынарға бригадалық генерал әскери атағын беру болды.

"Ол Түркия Әуе күштерінің тарихында генерал шенін алған алғашқы әйел болды", – делінген басылымда.

Сурет: Facebook/turkiyegazetesi

Жоғары әскери кеңестің бұл шешімі 2026 жылғы 30 тамыздан бастап күшіне енеді. Осы күннен бастап Өзлем Карапынар ресми түрде Түркия Әуе күштерінің тұңғыш әйел генералы болады.

Бұған дейін Зеленский Украинаның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатқанын жазғанбыз.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан