Зеленский Украинаның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты

Зеленский Украинаның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 11:06 Сурет: Facebook/olga.kravets.796
3 тамызда Украина президенті Владимир Зеленский Ольга Стефанишинаны Украинаның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

3 тамыз күні Стефанишина Facebook-тегі парақшасында бұл шешімнің жеке жағдайларына байланысты өз бастамасымен қабылданғанын мәлімдеп, қызметтен кету туралы өтінішінің суретін де жариялады.

Зеленский Украинаның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 11:06

Сурет: Facebook/olga.kravets.796

Сол күні Украина президентінің ресми сайтында Ольга Стефанишинаны АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елші қызметінен босату туралы жарлық жарияланды.

Ол бұл қызметке 2025 жылғы 27 тамызда тағайындалған болатын. Стефанишина бұған дейін Украинаның вице-премьері және әділет министрі қызметтерін атқарған. Әзірге АҚШ-тағы Украинаның жаңа елшісінің есімі жарияланған жоқ.

Бұған дейін Зеленский Ресейді бітімге шақырып, келісімнің үш нұсқасын ұсынғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: